03 қыр, 2025 сағат 15:30

Сәденов бұрынғы бас көлік прокурорына іздеу жарияланғанын растады


Фото:azh.kz


Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланғанын растады.


Мәжіліс кулуарында журналистер министрден Дүйсенов халықаралық іздеуде екені рас па және қай іс бойынша екенін сұрады.


"Іздеудің бастамашысы біз емеспіз. Сіздерге құзырлы органдарға жүгіну керек. Иә, іздеу жарияланған, іздеу тізімінде бар. Біз бастамашымен бірлесіп бұл мәселені шешеміз", – деп жауап берді Ержан Сәденов.


Бұрынғы прокурорға қатысты іс қай бап бойынша тергеліп жатқаны министр тарапынан нақтыланбады.


Еске салайық, жуырда Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында Мақсат Дүйсеновтің іздеуде екені туралы ақпарат пайда болды. Іздестіру ісі Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасымен прокуратура бастамасы бойынша 29 тамызда тіркелген.