Қазақстандық спортшы Сабина Алтынбекова алғаш рет ана атанды. Ол 5 қазан күні ұл босанды, деп хабарлайды Sputnik агенттігі.
"Бірде-бір ер адамды сендей күткен емеспін, ұлым. Махаббат пен қамқорлыққа толы отбасына қош келдің", - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.
Ол бұған дейінгі жазбаларында қуанышты жаңалығы бар екенін меңзеген болатын. Алайда ешкім нақты білмеді.
"Биылғы күз ерекше боласың", - деп жазды Алтынбекова бір апта бұрын.
Жас ананы спортшылар мен шоу-бизнес жұлдыздары құттықтады. Илья Ильин "сәби мықты, бақытты бала болсын" деген тілек білдірді. Жазбаның астына Аша Матай, Әсел Сәдуақасова, Жансая Әбдумәлік те құттықтау қалдырды.
Алтынбекова былтыр желтоқсан айында продюсер Саят Тостықбаевқа тұрмысқа шыққан болатын.