25 нау, 2020 сағат 08:35

Рысқұлов ауданында коронавирус табылды деген ақпарат өтірік - Марат Жұманқұлов

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында короновирус шықты делінген ақпарат жалған. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде Тұрар Рысқұлов ауданында коронавирус жұқтырған азаматтың анықталғаны туралы ақпарат тарап жүр. Бұл мәліметтің ресми түрде жалған екендігін айтым келеді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, әлеуметтік желілер, мессенджер арқылы тараған ақпаратқа сенбеуге шақырамын. Ең алдымен ақпарат ресми органнан таралуы тиіс. Екіншіден, жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген. Тіпті қылмыстық жауапкершілік те бар», - деді басқарма басшысы.