21 сәу, 2022 сағат 16:46

Рудныйда студенттер колледж асханасындағы тамақтан уланды


Рудный тау-кен және технологиялық колледжінің студенттері асханада ішкен түскі астан кейін жаппай ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рудный тау-кен технологиялық колледжінде студенттер жаппай уланды. Жергілікті асханада түскі ас ішкен 70-тен аса студент жүрегі айнып, құсқысы келгеніне шағымданып қаланың медицина мекемелеріне жүгінген.

"Мәзірде сорпа, салат және компот болды. Студенттер тағамның дәмді болғанын айтты. Түскі ішкеннен кейін 3-4 сағат өткен соң жүректері айнып, ішектері ауыра бастаған. Бұл асханадан барлық балалар тегін тамақтанады. Колледжге азық-түлкі жеткізушілер тек 29 наурыздан бастап жұмыс істеп жатыр, осыған дейін оларға ешқандай шағым түскен жоқ", - дейді колледж директоры Қайсар Қанешов.

Колледж асханасы орналасқан екі қабатты ғимарат қазір жабық. Кеше асханадан барлығы 100-ден астам оқушы тамақтанған. Медициналық көмекке 35 адам жүгінді, оның 14-і ауруханаға жатқызылған.

""Жедел гастроэнтерит" диагнозымен 14 адам ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаториялық емдеу тағайындалды. Рудный қаласының полиция басқармасымен қозғалған қылмыстық іс аясында Қостанай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірлесіп, жеке тұлға S_SALTA ЖШС жалға алған "Рудный тау-кен технологиялық колледжі" КМҚК асханасын жоспардан тыс тексеруді бастады", - деп хабарлады санитария дәрігер.

Мамандар зертханалық зерттеулер үшін өнімнің, судың, шайындылардың сынамаларын алды және асхана қызметкерлерін тексерді, зерттеу нәтижелері әлі шыққан жоқ. Студенттердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланады.