03 жел, 2020 сағат 06:00

Роналду Мессидің рекордын жаңартты

Чемпиондар лигасында туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду "Барселона" ойыншысы Лионель Мессидің рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Криштиану Роналду топтық кезеңнің бесінші турындағы матчта жаңа рекорд орнатты. Онда "Ювентус" киевтік "Динамоны" 3:0 есебімен жеңді.

Матчта бір голды Криштиану Роналду соқты. Осылайша, португалиялық футболшы Чемпиондар лигасындағы 71-голын соғып, Лионель Мессидің рекордын жаңартты. Ол 70 гол соққан еді.

Жалпы Криштиану Роналду карьерасында 750-голды соққан.