Қазақстан Бангладештегі мьянмалық рохинджа мұсылмандарына ресми гуманитарлық көмек көрсету үшін 500 мың доллар бөледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Қаражат 2017 жылдың бюджетінде Қазақстан Республикасы мен өзге мемлекеттер аумағындағы табиғи және технологиялық төтенше жағдайлар қорынан бөлінеді.
Мұның алдында, РИА Новости төрт айда Мяьнманың Рокхаин штатынан Бангладешке 665 мың рохинджа қашып барғанын мәлімдеген.
"25 желтоқсанда Бангладешке рохинджа босқындарының келе бастауына төрт ай толады. Соңғы мәліметтер бойынша, бұл уақытта 665 мың адам келген. Бұл Кокс-Базардаға жалпы рохинджа санының 867,5 мың адамға жетуіне әкелді", - деген еді Көші-қон бойынша халықаралық ұйымының ресми өкілі Джоэл Миллман.
Рохинджа, Мьянманың Ракхайн штатында тұрып жатқан этникалық бенгал-мұсылмандары. Рохинджа содырларының мьянмалық шекара постарына жасаған шабуылынан кейін ел әскері кең ауқымды жауапты операция салдарынан олар Бангладешке қашқан.