– 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Ресейлік «Ямал» әуекомпаниясы Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанға тұрақты рейстерді жүзеге асырады. Бұл туралы компания басшысы Василий Крюк ТАСС ақпарат агенттігіне мәлімдеген.
“Біз ұшу аумағын кеңейтеміз, жаңа бағыттарды іске қосамыз. Желтоқсан айынан бастап ұшақтар Мәскеу жанындағы Жуковский әуежайынан ұшатын болады. Біз консервативті компаниямыз, біртіндеп дамитын боламыз. Жуковскийден ұшқан ұшақтар Қазақстан, Өзбекстанға қатынайды. Одан әрі Израильге, содан соң Еуропаға жол ашамыз”, – деді Крюк.
Бас директордың сөзінше, қазіргі уақытта соңғы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ал бұған дейін Тәжікстан билігі Жуковский әуежайынан қатынайтын ресейлік әуекомпаниялардың рейстерін қабылдаудан бас тартқан. Бірақ бірнеше уақыттан кейін Тәжікстан мен Ресей екі әуе хабарламасын дамытуға келісім жасады.
«Ямал» әуекомпаниясы Ресей территориясында 60-тан аса бағыт бойынша әуе тасымалын жасайды. Сондай-ақ, 14 алыс-жақын шетелге рейстерді жүзеге асырады. Әуе кемелері паркінде Airbus А-320 және А-321, SRJ-200, Боинг-737, L-410, CL-600 және Sukhoi Superjet 100 ұшақтары бар.