21 қаң, 2021 сағат 19:22

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа «Барыс» орденіне табыс етілді

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа ҚР мемлекеттік наградасы І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«РФ Сыртқы істер министрлігінде өткен ТМД елдерінің Төтенше және Өкілетті Елшілерінің жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі аясында Қазақстан Республикасы басшылығының тапсырмасы бойынша Елші Ермек Көшербаев Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа ҚР мемлекеттік наградасы І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. 

С. Лавровты еліміздің жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттау оның Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті дамытуға қосқан елеулі үлесін бағалау болып табылады», делінген хабарламада.