07 жел, 2016 сағат 11:11

Ресейден 500 дана шырша ағашын заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды

Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасында қылқан жапырақты ағаштарды алып өтуге тырысқандар ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтөбе шекара отрядына қарасты "Әлімбет-авто" бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды шекаралық бақылау кезінде 33 жастағы қазақстандықты ұстауға мәжбүр болды. Ресей жақтан келе жатқан азамат "Газель" автокөлігіндегі 500 дана шыршаға тиісті ілестірме құжаттарын көрсете алмады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы дерек бойынша Қарғалы ауданының карантин бойынша инспекторы хабарландырылғаны айтылады.