10 сәу, 2025 сағат 18:37

Ресейде өткен AtomSkills-2025 чемпионатында қазақстандықтар жүлделі орындарға ие болды

Фото: ұйымдастырушылардан

4 сәуір күні  «Екатеринбург-Экспо» халықаралық көрме орталығында AtomSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионатының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Жарысқа Ресей, Қытай, Түркия, Египет, Бангладеш, Оңтүстік Африка, Өзбекстан, Беларусь, Индонезия, Үндістан мен Қазақстаннан барған 2000-нан астам қатысушылар мен сарапшылардың басын  біріктірді. Халықаралық форматтағы дәстүрі додада Қазақстандық қатысушылар 9 жүлделі орынға ие болдыAtomSkills-2025 бәсекесіне қатысқан негізгі және студенттік лигалары бес күн бойы сынға түсті. 

Жарысты ұйымдастырған «Росатом» мемлекеттік корпорациясының құрамындағы  кәсіпорындар мен  командалық  дивизиондар, сондай-ақ ірі компаниялар мен оқу орындарының өкілдері өз мамандығы бойынша үздік атануға күресті. Чемпионатқа қатысушы жоғары оқу орындары мен колледждердің саны – 70-ке дейін жетті. Бұл дегеніңіз техникалық және инженерлік салада кәсіби дамуға деген қызығушылықтың артып келе жатқандығын көрсетеді.

Айта кету керек, өткен жылдармен салыстырғанда Қазақстаннан жарысқа  қатысушылар саны едәуір артқан. 2024 жылы екі қатысушы болса, 2023 жылы 3 маман бақ сынаған. Ал биыл олардың саны 19 адамға жетіп отыр. AtomSkills сарапшысы ретінде техникалық маманданудан бастап, қоршаған ортаны қорғау мен химиялық талдауға дейінгі түрлі салалар бойынша Қазақстаннан 6 кәсіби маман қатысты.

Фото: ұйымдастырушылардан

Чемпионаттың мамандық үлесі 44-ке дейін өсті. Олардың ішінде «Дәнекерлеу технологиялары», «Инженерлік жобалау», «Композиттер технологиясы», «Өнеркәсіптік автоматика», «Бағдарламалық роботтандыру», «CNC станоктарындағы фрезерлік жұмыстар» және басқада мамандықтар енген. Сонымен қоса демонстрациялық форматта жаңа бағыттар ұсынылды: «1С: Кәсіпорын платформасында бизнес-қосымшаларды әзірлеу" және "графикалық дизайн». Барлық конкурстық тапсырмалар өзекті салалық және халықаралық стандарттарға сәйкес келді.

Фото: ұйымдастырушылардан

Биыл AtomSkills төрт бірдей ауқымды көлемдегі іскерлік бағдарламадағы тақырыпты қамтып отыр:   «Кәсіптік бағдар», «Педагогикалық», «Кадрлық» және «Ата-ана». Осы тақырыптар аясында конференциялар, форумдар, шеберлік сабақтар, жобалық және талдамалық сессиялар өтті. Аталған салада технологиялық көшбасшыға айналып,  тұрақты дамуды қамтамасыз етуде кәсіптік білім беру жүйесінің рөлі негізгі тақырып болды.