02 мау, 2020 сағат 12:16

Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны 5 мыңнан асты

Ресейде соңғы тәулікте коронавирустан 182 адам қайтыс болған. Аурудан көз жұмғандар саны – 5037. Бұл туралы сейсенбі күні журналистерге жаңа инфекциямен күрес жөніндегі жедел штаб мәлім етті деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ресейде бір тәулікте анықталған коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны - 8 863, бұл ретте 11 108 пациент емделіп ауруханадан шықты. Деректерге сәйкес, бір тәулікте сауығып шыққан пациенттердің саны жаңадан анықталған жағдайлардың санынан 25% жоғары. 

Ресейде барлығы 423 741 адам коронавирус жұқтырған, оның 186 985-і (44%) емделіп шықты. 

Коронавирус жұқтырудың 732 жаңа жағдайы - Мәскеу облысында, 376-сы – Санкт Петербургте, 354-і – Нижегород облысында, 292-сі – Свердлов және 253-і – Ростов облыстарында тіркелген. 

Ел астанасында барлығы 185 354 адам вирус жұқтырған, 88 269 пациент емделіп шықса, 2625 науқас қайтыс болған.