14 нау, 2025 сағат 11:22

Ресей Украинамен 30 күн уақытша бітімге келуді қолдайды — Путин

Фото: РБК

Алайда Владимир Путин бұл 30 күн қалай пайдаланылатынына алаңдаулы. Ресей Федерациясының президенті уақытша бітім кезінде Украина мобилизация мен жаңа сарбаздарды дайындаумен айналыспайтынына, сондай-ақ қару-жарақ алмайтынына кепілдік қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

"Курск облысында бәрі Ресей Федерациясының толық қарулы бақылауында. Украиналық әскерлердің Курск маңындағы қоршаудан шығуы мүмкін емес", — деп мәлімдеді Владимир Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесуден кейінгі бірлескен баспасөз мәслихатында.


Ресей президенті атысты тоқтатқан жағдайда бақылау мен тексеру мәселелерінің әлі түсініксіз екенін айтты. Оның ойынша, Украинадағы екі мың шақырымдық байланыс шебінде атысты тоқтатуды бақылау қиын.

"Бітім идеясы дұрыс, бірақ талқылауды қажет ететін мәселелер бар, соның ішінде АҚШ-пен", — деп қорытындылады Путин.


Мүмкін, Трамппен телефон арқылы сөйлесу қажет болатын шығар.

Осы уақытта Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков «Известия» басылымына Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен «бүгін кешке жабық форматта» кездесетінін хабарлады.