19 ақп, 2026 сағат 10:23

Ресей, Украина мен АҚШ арасында үшжақты келіссөз өтті

Фото: ашық дереккөз

Женевада Ресей, Украина және АҚШ өкілдері қатысқан үшжақты келіссөздердің екінші күні күтпеген жерден аяқталды. Бұл жолғы кездесу алты сағатқа емес, екі сағатқа ғана созылып, жабық форматта өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Украина мен АҚШ делегацияларының құрамы өзгермеген. Ал Ресей тарапын президент көмекшісі Владимир Мединский бастап барды.

Бұған дейін келіссөздердің екі раунды Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен. Алайда олар нақты нәтиже бермеген.

Тараптар арасындағы негізгі келіспеушіліктер – Донбасс мәртебесі және Запорожье атом электр станциясының болашағы.