Фото:depositphotos.com
Ыстамбұлда Ресей мен Украина келіссөзі басталды, - деп хабарлайды Ult.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Келіссөз Түркия президенті әкімшілігінің жұмыс кеңсесі Долмабахчеде өтіп жатыр. Жергілікті уақыт бойынша сағат 10.45-те Түркия, АҚШ және Украина делегациялары арасында үш жақты кездесу басталды. Кездесуге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, Түркия СІМ басшысы Хакан Фидан, Украина СІМ басшысы Андрей Сибига және Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак қатысып жатыр.
Ресей, Украина және Түркия делегациялары арасындағы келіссөз жергілікті уақыт бойынша сағат 12.30-ға жоспарланған. Ресей делегациясын президенттің көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Оның құрамына РФ СІМ басшысының орынбасары Михаил Галузин, РФ Қарулы Күштері Бас штабы бас басқармасының бастығы Игорь Костюков, қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин кіреді.
Украинаның келіссөз тобын қорғаныс министрі Рүстем Умеров басқарады, оған тағы 11 адам кірді. Олардың қатарында Украина сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Кислица, Украина қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары Александр Поклад, Украина сыртқы барлау қызметі төрағасының бірінші орынбасары Олег Луговский, Украина Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Алексей Шевченко және басқалары бар.