#
#
Жексенбі 18/04/2021

Ресей тарапымен өткен көліссөздер мазмұнды және нәтижелі болды - Мұхтар Тілеуберді

  • 08.04.2021
  • 0
  • 168

Ресей мен Қазақстан XVII аймақаралық форумға дайындықты пысықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді БАҚ өкілдері алдында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.Лавровтың жұмыс сапарының қорытындыларын мәлім етті. 

«Бүгінгі ресейлік тараппен болған келіссөздеріміз әдеттегідей өте мазмұнды және нәтижелі болды. 

Біз көптеген мәселелерді, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының жағдайы мен перспективаларын талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша пікір алмастық. 

Әрине, Орталық Азиядағы, Оңтүстік Кавказ бен Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселелер назарымыздан тыс қалмады», - деді министр. 

Ведомство басшысы ресейлік тараппен өткен келіссөзде аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің көптеген проблемаларына, әсіресе саяси диалогта сенімділікті арттыру немесе нығайту тұрғысынан екі тараптың көзқарасы ортақ екені айтылғанын жеткізді. 

«Аса жоғары және жоғарғы деңгейдегі халықаралық іс-шаралар кестесіне, атап айтқанда, мемлекет басшыларының екіжақты және көпжақты іс-шараларға қатысуына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, шекара ынтымақтастығының екіжақты сауда айналымы шамамен 70 пайызын құрайтын Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардағы маңызды рөлді ескере отырып, біз Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындықты пысықтап жатырмыз. Естеріңізде болса, бұл шара пандемияға байланысты кейінге қалдырылған еді және биыл Көкшетау қаласында жоспарланған. Екі елдің аймақтарының алдында тұрған өзекті мәселелер осы форумда мемлекет басшыларының қатысуымен қаралады деген ойдамыз», - деді Мұхтар Тілеуберді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар