16 мам, 2021 сағат 10:08

Ресей, Швеция, Үндістан миллиардерлерінің байлығы ЖІӨ мөлшерінен асып кеткен


Ресейде миллиардерлердің байлығы елдің ЖІӨ көлемінен 35 пайызға асып кеткен. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей әлемнің алдында тұр, - деп хабарлады лондондық The Financial Times басылымы Morgan Stanley консалтинг компаниясына сілтеме жасап.

Екінші орында - Швеция. Швед миллиардерлердің байлығы елдің ЖІӨ мөлшерінен отыз пайызға артық. Үштікті Үндістан қорытындалып тұр – 20 пайыз.

Morgan Stanley байлардың қаржысын "мұрагерлік", "жақсы табыс", "жаман табыс" деп үш топқа бөлген. Үшінші топтағылар ақшаны "жемқорлық жолымен табуы" мүмкін. 

"Неміс толқынының" хабарлауынша, ресейлік миллиардердің 60 пайызға жуығы табысын "жаман жолмен" табуы мүмкін. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей Мексикадан кейінгі екінші орында тұр.