04 шіл, 2025 сағат 17:00

Ресей Ауғанстандағы Талибан үкіметін ресми мойындау туралы шешім қабылдады

Фото: ТАСС

Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Ресейдің Кабулдағы елшісі Мәскеудің Ауғанстан Ислам Эмиратын ресми түрде мойындау туралы шешім қабылдағанын ауған тарабына хабарлаған.

Бұл — "Талибан" билікке келген 2021 жылдан бері оларды ресми түрде мойындауға шешім қабылдаған алғашқы ірі ел. 

▪️ 2021 жылы АҚШ пен НАТО әскері кеткен соң "Талибан" билікті өз қолына алды
▪️ Бір де бір БҰҰ-ға мүше мемлекет оларды осы күнге дейін ресми мойындамаған
▪️ Соған қарамастан, Мәскеу соңғы жылдары Талибанмен саяси диалог жүргізіп келген