20 сәу, 2017 сағат 10:21

Рэкетир (фильмнің толық нұсқасы)

Рэкетир — 2007 жылғы қазақстандық көркем фильм, режиссёрі — Ақан Сатаев. Фильмде Саян Беккәрімов есімді бас кейіпкердің өмірі мен 1990 жж. Қазақстан жайлы баяндалады.

Басты рөлдерде Меңтай Өтепбергенов, Болат Қалымбетов, Жан Байжанбаев, Төлеубек Аралбай, Төлепберген Байсақалов, Владимир Вдовиченков, Алмагүл Рулас, Азат Сейтметов, Әсел Сағатова, Саят Исембаев, Мұрат Нұрасылов, Мұрат Бисембин ойнайды. Сценарий авторы: Тимур Жақсылықов.

Саян есімді жігіттің өмірі. Тоқсаныншы жылдардың басында жас боксшы өмірдің рақатын басқа жолмен де көруге болатынын біледі. Ал істеп жүргенінің бәрі бекер екенін түсінгенде бәрі кеш еді. Әр нәрсенің өз құны бар.