12 қаң, 2017 сағат 10:34

Рамзан Қадыров арнайы операция барысында көзі жойылған қаскөйлерді көрсетті (Видео)

Шешенстанда арнайы операция жүргізіліп, нәтижесінде төрт қаскөйдің көзі жойылып, қылмыстық топтағы ондаған адам ұсталды. Алайда операция барысында бір қаскөй оқиға орнынан жасырынған және құқық қорғау органдарының қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Шешенстан президенті Рамзан Қадыров сәрсенбіде Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Құрметті достар! Бүгін Шешенстандағы Курчалоевский ауданында террористік ұйымдағы аса қауіпті қаскөйлердің көзі жойылды. Біраз уақыт бұрын бізге лаңкестерге басшылық еткен Иса Мускиевтің (2006 жылы көзі жойылған) туысының шетелдіктерден лаңкестер тобын құру туралы тапсырма алғаны туралы мәлімет келіп түсті. Содан кейін алдын ала дайындалған және жедел операциялар жүргізу нәтижесінде қылмыстық топты: олардың басшыларын анықтауға, астыртын жүрген лаңкестердің аты-жөнін, қарулардың, жарылғыш заттардың және миналардың қайда сақталғанын анықтауға мүмкіндік туды. Осылайша, бір мезетте бірнеше елді мекеде ондаған қаскөй мен олардың сыбайластары ұсталды. Құқық қорғау органдағылар сәрсенбіде кешкі уақытта жүргізген арнайы операция барысында қаскөйлерге қаруланған қарсылық көрсетіп, төрт қаскөйдің көзі жойды. Алайда бір қаскөй түнгі уақыт болғандықтан, сол сәтті пайдалана отырып оқиға орнынан жасырына алды. Арнайы операция мүшелері таңғы уақытта қаскөйді іздестіру жұмыстарын жалғастырады. Оның ұсталатынына сенімдімін. Өкінішке қарай, арнайы операция барысында біздің құқық қорғау органдарының қызметкері ерлік көрсетіп, қаза тапты. Жергілікті тұрғындардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, ештеңе қираған жоқ. Тұрғындар арнайы операция жүргізіліп жатқандарға белсенді түрде қолдау көрсетіп жатыр. Аудандағы жағдайы бірқалыпты",  - деді Шешенстан президенті парақшасында.