24 жел, 2016 сағат 17:10

Путин – «ислам» мен «терроризм» жайында (Видео)

– Ресей президенті Владимир Путин журналистермен өткізген үлкен баспасөз конференциясында БАҚ беттерінде «Ислам мемлекеті» сөз тіркесін қолдануға тыйым салуға байланысты сұраққа жауап беріп, «ислам» мен «терроризм» түсініктерінің бір мағынада қолданылмайтынын айтты.

БАҚ беттерінде «Ислам мемлекеті» сөз тіркесіне тыйым салу нәтижесіз болатынын жеткізген Ресей президенті «ислам» мен «терроризм» сөздерінің бірге қолданылуына қарсы екенін мәлім етті.

«Мен «ислам» мен «терроризм» сөздерін қатар қолданбауын дұрыс көремін және барша халықты осыған шақырамын», - деді В.Путин.