Фото: ашық дереккөзден
Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды ult.kz.
Қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталды.Сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі.
Сонымен қатар, Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртеу және Нұрқанат Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында.
"Қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз. Уәкілетті органдардың тек ресми мәлімдемелеріне сенім білдіруді сұраймыз", -дейді прокурорлар.
Оқи отырыңыз: Талғар трагедиясы: Шерзат Полаттың өліміне қатысты оқиғалардың хронологиясы және ресми деректер