30 шіл, 2020 сағат 11:45

Проактивті форматта көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі көбейді

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызмет көрсетуге өзгеріс енгізілді.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі енгізілген өзгеріс ішінде проактивті режимде мемлекеттік қызмет көрсету бар екенін хабарлады. Енді мемлекет адамдардың қызмет көрсетуге жүгінуін күтіп отырмайды, өздері қызмет ұсынатын болады. Мысалы, сәби дүниеге келген кезде бірден тууды тіркеу, жәрдемақының екі түрін тағайындау, оны тіркеу және балабақшаға кезекке қою бойынша қызмет көрсетіледі. Демек, енді "бір терезе" қағидатынан "бір өтініш " қағидатына ауысуға мүмкіндік туып отыр. Бұл туралы «Ұлт» порталы толығырақ жазады.

Бұл өзгерістегі тағы бір жаңалық – мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде "композиттік" тәсілді арттыру. Яғни, мемлекеттік қызмет кешенді түрде көрсетілетін болады. Енді азаматтар бір ғана өтініш жазып, бірнеше мәселесін шеше алады.

Мысалы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар балаы тексеру, оқыту және оңалту үшін 6 мемлекеттік қызмет алады. Оларға 6 пакет құжат жинап, мемлекеттік органдарға 6 рет хабарласуға тура келеді. Енді оларға бір мезгілде барлық 6 қызметті бір өтінішпен шеше алады. Бұл өзгеріс 21 мемлекетті қызмет бойынша енгізілді.

Сонымен қатар енді көшелер мен елді мекендердің атауы өзгерген жағдайда, деректер базасындағы мекенжайлар автоматты түрде өзгертілетін болады. Сондай-ақ, эксаумақтық қағидаты алға жылжып жатыр, бұл жағдайда азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді азамат елдің кез келген өңірінен ала алады.

2020 жылдың екінші жартыжылдығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия проактивті форматта қайтыс болу туралы куәлік беруді ұсынды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілінің айтуынша, бұл адамдардың өлім туралы қорытынды алу үшін мәйітханалар мен ауруханаға бармай-ақ, ол қызметтің көрсетілуі үшін маңызды екенін атап өтті. Мәлімдеуінше, бұл процесті барынша жеңілдетіп, оны проактивті форматқа көшіру керек. Мәйітханада барлық дерек денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне, содан кейін АХАЖ дерекқорына енгізілуі қажет. Осылайша, барлығы онлайн форматқа ауысады.

Сонымен қатар қайтыс болған кісінің туысына смс хабарлама жіберілетін болады. Ал бұған дейін кісі қайтыс болса, туыстары ең алдымен мәйітханадан қайтыс болғаны туралы медициналық куәландыру алып, одан кейін халыққа қызмет көрсету орталығына барып құжат алуы қажет. Әдетте бұл процесс толық бір жұмыс күнін алады.

Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша проактивті форматта көрсетілетін 30 қызмет іріктеліп алынды. Олардың ішінде жүктілігі және босануы бойынша төлемдер тағайындау, мүгедектікті белгілеу, мектепке қабылдау, көшелер мен елді мекендерді қайта атау кезінде мекенжай деректерін өзгерту, жерлеуге біржолғы төлем тағайындау бар.

Сонымен қатар ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласындағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Оның ішінде жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 90%-ын электрондық форматқа көшіру бойынша жүргізілген жұмыстар талқыланып, психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезге қарсы ұйымдардан анықтамаларды алып тастау бойынша ұсыныстар қаралды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта проактивті форматта 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Қазір жаңа туған баланың аты-жөнін SMS-ке жіберу арқылы баланың туу туралы куәлігін ресімдеуге болады.

Сондай-ақ, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар жәрдемақыны проактивті форматта ресімдей алады.

2020 жылдың соңына дейін көптеген жаңа проактивті қызметті іске қосу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда үкіметтің заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушілер арқылы, мемлекетке қарайтын корпорация арқылы және "электрондық үкімет" порталы мен абоненттік құрылғы арқылы көрсетіледі.