26 қаң, 2021 сағат 14:07

Президент шекарадағы контрабандамен күресетін арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды

Контрабанда отандық өнеркәсіпке, азаматтар денсаулығына қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент контрабанда мәселесіне тоқтала келе, бұл проблема салық саласына, сондай-ақ отандық өнеркәсіпке, азаматтар денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер тудыратынын атап өтті. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мемлекет саясатының маңызды жүйесінің бірі кедендік-тарифтік бағыттың тиімділігі жеткіліксіз екенін айтты. 

«Үкіметке биылғы 1 қыркүйекке дейін мемлекет шекарасында заңсыз тауар айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді бағдарламасын даярлауды тапсырамын», - деді Тоқаев.

Осы орайда Президент аталан бағдарлама кедендік әкімшілендіруді жақсартуды, техникалық реттеу жетілдіруді, сондай-ақ шекарадағы өзге де қадағалауды жақсартуды қамтуы керектігін тапсырды.