15 қаң, 2021 сағат 13:29

Президент Премьер-Министрді тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

ҚР Президенті Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Ұлт ақпарат" оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады. 

***

А.Ұ. Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы

Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                            Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 15 қаңтар

№ 492