
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтынан мәлім болды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
