Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.
Заң аясында мынадай негізгі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілді:
-
Қылмыстық кодекс
-
Қылмыстық-процестік кодекс
-
Қылмыстық-атқару кодекс
-
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі
-
«Жедел-іздестіру қызметі туралы»
-
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңдар және басқа да бірқатар актілер.
Түзетулер төрт негізгі бағытты қамтиды:
1️⃣ Қылмыстық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету
Заңның бірінші блогы заң нормаларының айқындылығы мен қолдану бірізділігін сақтауға бағытталған.
2️⃣ Қоғамдық қауіпсіздікке қатысты жауапкершілікті күшейту
Екінші бағыт аясында қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерге қатысты жазалар қатаяды, кейбір құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілік қайта қаралады.
3️⃣ Азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және процесті жеңілдету
Үшінші блок қылмыстық процеске тартылған азаматтардың құқығын қорғауды күшейтіп, артық бюрократияны қысқартуға жол ашады.
4️⃣ Қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру
Төртінші бағыт – жазаны өтеу жүйесін реформалауға, пенитенциарлық мекемелердің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Заңның толық мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.
