29 сәу, 2025 сағат 16:51

Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына холдингтің былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, биылғы жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Холдинг тарапынан 6 трлн теңгеге жуық қолдау көрсетілген:

🔹 Оның 4,1 трлн теңгесі ірі, орта және шағын бизнесті қолдауға,

🔹 ал 1,9 трлн теңгесі тұрғын үй-құрылыс секторына бағытталған;

🔹 Холдинг активтері 14,1 трлн теңгеге жеткен;

🔹 Инвестициялық және несие портфелі 10,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған;

🔹 Таза табыс 416 млрд теңгені құрады. 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» базасында екі кепілдік қоры іске қосылған: 

▫️Оның бірі шағын және орта бизнесті қолдауға арналған.

▫️ал екіншісі құны 7 миллиард теңгеден асатын ірі жобаларды қаржыландыруды көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев  экономиканың нақты секторын «Бәйтерек» холдингіне екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, қаржыландыруды, Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыруға қаржы тарту мәселесін шешуді тапсырды.