Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Антикордың бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға ризашылығын білдірді. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Ult.kz.
"Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға белсенді әрі нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді", - делінген жазбада.
Бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта ұйымдастырылып, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылатынын жазғанбыз.
