17 нау, 2021 сағат 10:00

Президент Алматыдағы бизнес мәселесін талқылауға қатысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы бизнес мәселесін талқылауға қатысып, бизнеспен «кері байланыс» орнатудың нақты әрі тиімді тетігін жолға қою қажеттігін сөз етті. Сонымен қатар, өткен жылдың қорытындысы бойынша, Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң қарқын бар екені белгілі болды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Дәл қазіргі елдегі ахуалға байланысты ахуалдың құбылмалы сипатына назар аударып, босаңсуға болмайтынын айтты.

«Бұл мәселеде инноваторлар, жастар мен бизнес арасындағы тиімді қарым-қатынас маңызды рөл атқарады. Мұны дамыған елдердің тәжірибесінен көруге болады. Бұл жерде «велосипед ойлап табудың» қажеті жоқ. Краудфандинг, білім беру хабтары, бизнес-көмекшілермен арадағы арнайы инвестициялық кезеңдер сияқты технологиялар шетелде өздерін жақсы қырынан көрсетті. Жалпы әкімдіктерде жаңаша түрленген экономиканы дамыту жөнінде түсінік пен өзіндік көзқарас бар. Алматы қаласының тәжірибесін өзге өңірлерде қолдану қажет. Біздің жеріміз таланттарға бай. Жас орындаушылар, шығармашылық өкілдері аймақтық қана емес, әлемдік деңгейде де мойындалып жатыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент қала әкімінің жанындағы Іскерлік кеңестің конструктивті жұмысын мысал ретінде келтірді.

«Қаланы одан әрі дамыту үшін өсімнің жаңа бастаулары қажет деп санаймын. Мұндай бағыттардың бірі жаңаша түрленген экономика. Сондықтан Үкіметке аталған бағыт бойынша толыққанды әрі заманауи нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттеу механизмін әзірлеуді тапсырамын» деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес барысында бизнесті заңсыз араласудан қорғау маңызды міндет екенін атап өтті.

«Түпкі мақсат – заңдылық тұрғысынан бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы қатынастар моделінің мінсіз болуы. Сингапурды жетістікке жеткізген үлгіні алуға болады. Мүмкін емес нәрсе жоқ. Бәрі алға қойған мақсатқа жету жолындағы батылдыққа байланысты», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұл жерде бақылау-қадағалау немесе құқық қорғау қызметі кейпіндегі рейдерлік және бопсалау деректері жайында сөз болып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің тапсырмасы бойынша мұндай теріс іс-әрекеттерге қарсы күреске бағытталған заңнамалық шаралар топтамасы дайындалғанын мәлімдеді. Бұл бағыттағы тиісті жұмыстар Парламенттің қазіргі сессиясының соңына дейін аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы бизнес мәселесін талқылауға қатысып, бизнеспен «кері байланыс» орнатудың нақты әрі тиімді тетігін жолға қою қажеттігін сөз етті. Сонымен қатар, өткен жылдың қорытындысы бойынша, Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң қарқын бар екені белгілі болды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаланы одан әрі дамыту үшін өсімнің жаңа бастаулары қажет деп санайды. Мұндай бағыттардың бірі жаңаша түрленген экономика. Сондықтан Үкіметке аталған бағыт бойынша толыққанды әрі заманауи нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттеу механизмін әзірлеуді тапсырды.