26 қар, 2024 сағат 12:01

Астанадағы LRT станцияларының негізгі құрылысы аяқталды

Фото: Астана әкімдігі

Елорда әкімдігі LRT желісі станцияларының темірбетонды негізгі құрылыстары 100% аяқталды деп хабарлады.

LRT желісі көп деңгейлі залдары мен платформалары бар 18 станциядан тұрады, олар екі түрге бөлінеді: жердегі (11 станция) және жер үсті (7 станция).

Жер үсті станциялары Сығанақ көшесінде (2 станция), Ш. Қалдаяқов көшесінде (4 станция) және «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданында (1 станция) орналасқан. Станцияларға қауіпсіз кіру үшін жер үстінен өтетін екі өткел қарастырылған. Барлығы – 14 өткел. Биыл № 101 станциясының (100% дайын) қасбет жұмыстары аяқталды.

2025 жылы барлық станция құрылысы толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр. Соның ішінде қасбеттердің монтажы, жер үстінен өтетін өткелдердің құрылысы, ішкі әрлеу, жақын аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.