Фото: Pexels.com
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов қазақстандықтарға бірыңғай уақыт белдеуінің әсерін зерттеу бойынша ғылыми грантқа өтінімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ult.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Ол президенттің шығындарды қысқарту, соның ішінде түрлі консалтинг қызметтері, семинарлар және басқа да шараларға жұмсалатын қаражатты азайту туралы тапсырмасын еске салды. Қаражат нақты секторға бағытталуы тиіс.
«Келесі жылға жоспарланған ағымдағы бюджетте бұл қаражат қарастырылмаған. Бәлкім, гранттар арқылы сыртқы қаражат тартылуы мүмкін. Бірақ кез келген шығынның негіздемесі құжат жүзінде дәлелденуі керек — мысалы, қорытындылармен. Егер бұл жұмысты 10 немесе 15 қызметкер жүргізетін болса, бұл жалақы қоры. Егер, шартты түрде, халықаралық кеңесші тартылатын болса, онда жұмыс күшін тарту құны есепке алынады. Мұның бәрі мұқият қарастырылуы керек. Қомақты соманы бірден бөлу — әрине, ондай болмайды», — деді Ержан Біржанов.
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға жаңа уақыт белдеуінің әсерін зерттеу үшін үш жылдық ғылыми грантқа 160 млн теңге көлемінде өтінім берген.