Фото: Үкімет
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған бастамалар ауқымды саяси реформалардың логикалық жалғасы екенін атап өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Үкімет басшысының айтуынша, Парламент пен қоғамдық институттардың рөлін күшейтуге бағытталған ұсыныстар саяси жүйемен қатар, қоғамның демократиялық мәдениетін біржолата орнықтыруға жол ашады. Бұл қадамдар Қазақстанның заманауи сын-тегеуріндерге төтеп беруіне негіз болатын маңызды идеологиялық тұжырымдарды айқындап отыр.
Премьер-министр Президент белгілеген негізгі құндылықтарға қоғамды ұйыстыру, отаншылдық, әділдік және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарына берік ұстаным кіретінін айтты. Сонымен қатар ұлттық идеологияның ажырамас бөлігіне айналған «Таза Қазақстан» бастамасы да негізгі басымдықтардың қатарында қала береді.
"Мемлекет басшысы әрбір жауапты лауазымды тұлғаға батыл әрі тосын инновациялық шешімдер қабылдау қажеттігі туралы қатаң талаптар қойды. Бұл өмірдің барлық саласына қатысты.
Әрбір министр мен әкімнен, әрбір сала мен өңірде көзге көрінетіндей нақты нәтижелер керек", - деді Олжас Бектенов.
