30 қаз, 2020 сағат 10:20

Полиция Kaspi компаниясына қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстады

Алматыда Kaspi бөлімшесіне жасалған шабуылға күдікті адамдар ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласы ПД криминалдық полициясының хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен 35, 34 және 28 жастағы үш адам ұсталды. Екі ер адамды Алматы қалалық криминалдық полиция жедел уәкілдері ұстады. 

Үшінші күдіктіні дәл қазір Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлері ұстады. Айғақзат ретінде ұрланған қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 192-бабы, 3-бөлімі бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасының қылмыстық іс материалдарына тіркелген.

Айта кету керек, Алматыда 15 қазанда Kaspi банк бөлімшесіне шабуыл жасалған болатын. 

Белгісіз адамдар банк қызметкерлерін қарумен қорқытып, алдын ала мәліметтер бойынша, 2 млн теңгені алып кеткен. Қарақшылардың бірі балтамен кассаның шыны терезесін сындырып, ішке енген.

Қарақшылар қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екендігі анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды.