01 сәу, 2021 сағат 13:10

Полиция 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді

ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Ерден Шүлден қатігездікпен өлтірілген 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Осы қылмыстық іс бойынша қандайда бір құпия ақпаратты жария етуге болмайтындықтан, қазір ешқандай ақпаратты жария етуге құқымыз жоқ. Күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс 26 наурызда Арнайы прокуратура қызметіне өткізілді», - дейді Ерден Шүлден Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.