03 мам, 2022 сағат 12:36

Данияр Мейірхан 40 миллион теңге кепілмен босатылды

Данияр Мейрхан. Фото: otyrar.kz

Түлкібас АІІБ басшысы Данияр Мейірхан кепілмен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Мейірханның адвокаты - Шымырбай Ағабеков мәлімдеді. Данияр Мейірхан автосалонға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені белгілі болды.

"Сот санкция беру кезінде кепіл сомасын анықтады. Ол кепілмен босатылды", - деді адвокат Шымырбай Ағабеков.

Шымкент қаласының тергеу соты мәліметінше, күдіктіге қатысты сот 40 миллион теңге көлемінде кепілдік белгілеген.

"Түлкібас АІІБ бастығына қатысты тергеу органдары қамауға алуға санкция беру туралы өтінішхат берді. Сот бұл өтініштерді қанағаттандырып, қамауға алуға санкция берді. Бұл ретте ҚР ҚІЖК-ның 148-бабы 8-бөлігі талаптарына сай сот кепіл мөлшерін белгілеуге міндетті. Сот 40 миллион теңге кепіл сомасын белгіледі", - деді тергеу соты өкілдері.

"Бұл нені меңзейді? Ол қазір қамауда. Егер ол сот белгілеген соманы тапса, оны төлейді, ал тергеу оны кепілмен босатуы керек", - деп толықтырды сот өкілдері.

Сот мәліметінше, Данияр Мейірхан ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, Данияр Мейірхан 2020 жылы наурызда Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болып тағайындалған болатын.