21 ақп, 2022 сағат 18:58

Петропавлда заңсыз жұмыс істеген тағы бір криптоферма табылды


Мемлекет басшысының майнингтік фермаларды анықтауға қатысты тапсырмасын орындау барысында Қаржылық мониторингі агенттігінің СҚО аумақтық департаментінің қызметкерлері криптоферманың қызметін жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Майнинг фермасының жұмысы үшін бұрынғы көкөніс қоймасының шаруашылық бөлмесі ретінде қайта жабдықталған, онда криптовалюта өндіруге арналған 273 жабдық болды.

Майнинг фермасынын электр қуатын тұтынуы - айына шамамен 146 Мвт.

Криминалист сараптамасының қорытындысына сәйкес, табылған жабдық - цифрлық криптовалютаны «өндіру» үшін қолданылатын шифрлау кешені.

Маманның қорытындысына сәйкес, алынған криптовалюта түріндегі алдын ала заңсыз ақшалай кіріс - 68 331 022 теңге.

Заңды бұза отырып жұмыс істейтін криптофермалар электр желісіне жүктеменің күрт артуына әкеліп соқтырады және тұрғындар үшін электр қуатының жиі апаттық сөндірілуіне себеп болады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабына сәйкес (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.