
Петропавлда бұзақылықпен күресу үшін әр автотұрақ, аялдамалардың жанына бейнебақылау камерасы орнатылды, деп хабарлайды Петропавл қалалық әкімдігі баспасөз қызметі.
Облыс орталығында қосымша жаңа 120 бейнекамера пайда болды. Бұл – қалалық әкімдіктің бастамасы.
«Бейнекамераларды орнатудағы басты себеп – бұзақылықтың алдын алу. Осылайша жерге қоқыс тастағандарды, аялдама павильонын сындырғандарды анықтаймыз. Бейнебақылау камералары IKOMEK -109 жедел әрекет ету орталығымен байланыстырылған», - дейді баспасөз хатшысы Руфия Мұстафина.
Өткен аптада облыс орталығының Новопавловка кентінде үш жігіт әйнектен жасалған аялдаманы қиратқан. Бұл аялдама павильондарының әрқайсы 400 мың теңге шамасында тұрады. Бұзақылар бейнекамералардың көмегімен анықталды.
