© POOL
Украинамен келіссөздердің жаңа раунды талқыланады, бірақ әзірге нақты мәлімет жоқ, деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Әрине, қазір жағдайдың қалай өрбігеніне байланысты талқылау жалғасуы және келіссөздердің келесі раунды өтуі керек. Әзірге бұл мәселе бойынша нақты дерек жоқ", - деді Песков журналистердің Ресей Украина меморандумына жазбаша жауап бере ме деген сауалға жауап беріп.
Сонымен қатар ол Ресей Украинамен келіссөздерді жалғастыратынын мәлімдеді.
"Әрине, Киев режимінің әрекетіне қатысты көзқарасымызда айтарлықтай өзгерістерге қарамастан, біз байланысты жалғастырамыз. Қайшылықтарға қарамастан байланыстар әлі де жұмыс деңгейінде жалғасуы керек", - деді Песков.
Еске салайық, 2 маусымда Түркияда Ресей мен Украина келіссөздерінің екінші раунды өтті. Ыстанбұлдағы Чириган сарайында өткен кездесу бір сағаттан астам уақытқа созылды. Онда тараптар қақтығысты реттеу туралы меморандумдармен алмасты. Сондай-ақ Мәскеу мен Киев тұтқындарды айырбастауға келісті. Сонымен қатар мәйіттерді жинау үшін майданның белгілі бір аудандарында екі-үш күнге атысты тоқтатуға келісті.