Фото: Instagram/01pk
Қайырымдылық қаражатын жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайрат жазасын өтеу барысында еңбекке тартылған, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазіргі таңда ол түзеу мекемесінде тазалаушы болып жұмыс істейді.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сотталған азаматша қызметтік үй-жайларды тазалау жұмыстарын атқарады.
Еске салайық, Перизат Қайрат пен оның анасы қайырымдылық қорына жиналған 3,5 миллиард теңгені иемденгені үшін сотталған болатын. Сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
