10 жел, 2016 сағат 12:30

Пентагон Charlie Hebdo шабуылына қатысушының көзін жойғанын хабарлады

- АҚШ ӘӘК ұшқышсыз ұшағы Charlie Hebdo редакциясына шабуылдауға қатысқан «Ислам мемлекеті» содырының көзін жойды, деп хабарлады The Assocated Press сілтеме жасап РБК.

Әңгіме  Бубакере әл-Хакиме жайында. Ол  - ИГИЛ жетекшілерінің бірі. Әскерилер   Әл-Хаким 2015 жылғы қаңтарда  Париждегі Charlie Hebdo сатиралық басылымы редакциясына шабуылдауды жоспарлады деп санайды.    Олардың пікірінше, ол журнал редакциясына басып кірген лаңкестердің басшысы болған.

Ол сондай-ақ, ведомство деректеріне сәйкес, шетелде ИГИЛ идеяларын насихаттаған. Оныңөткен айда лаңкестер Ислам мемлекетінің астанасы деп санайтын Раккада өлтірілгені хабарланады.