13 шіл, 2020 сағат 11:45

"Педагог мәртебесі туралы" заңдағы жаңашылдық: не өзгерді?

Қазақстанда 2019 жылдың соңынан бастап мұғалімдерге ерекше көңіл бөлініп жатыр. Осы орайда ел арасындағы мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға 2019 жылдың 31 желтоқсанында қол қойды. Бұл туралы «Ұлт» порталы хабарлайды.

Заң жобасын білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов таныстырып, 2020 жылы заңды іске асыру басталғанын кезең сайын хабарлап отыр. Халықтың қолдауына ие болған педагогтар туралы заң 21 баптан тұрады және жарты миллионнан аса ұстаздың қызметіне тікелей қатысты болып отыр. Бұл туралы «Ұлт» порталы хабарлайды.

"Заңда мектепке дейінгі, орта және кәсіптік, техникалық білім беру, мамандандырылған және арнайы білім беру ұймыдары, қосмыша білім беру мекемелері, әдістемелік кабинеттердің ұстаздарына қатысты талаптар қарастырылған", - деп атап өтті Аймағамбетов.

Заңға сәйкес, ең алдымен педагогтардың құқығын кеңейту мен өзі атқаруға міндетті емес жұмыстардан босату, жүктемені азайту мәселесі қозғалады. Одан кейін мұғалімнің қызметіне де қойылатын талаптар да күшейеді. Үшіншіден, материалды емес стимул тетіктері және материалдық жағынан ынталандыруға басымдық беріліп отыр.

"Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданғаннан кейін ең алдымен қаржылық жағынан мұғалімдердің жалақысын арттыру мәселесі өзекті болып отыр. Заңға сәйкес, 2020 жылы жалақыны 25 пайызға өсіріп, төрт жыл көлемінде бұл қаржыны екі есе арттыру көзделіп отыр. Сонымен қатар заңның қабылдануына себеп болған – педагогтің өз міндетіне жатпайтын істерді орындауына, қосымша жұмыстарға тартуды тоқтату. Сондай-ақ, енді білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін ер мұғалімдерді әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылады.

2021 жылдан бастап оқу жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа төмендейді. Бұған үлгілік оқу жоспарларының төмендеуі себеп болып отыр. Сондай-ақ, заңға сәйкес, ұстаздардың ұл-қыздарына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда бірінші кезекте орын беріледі. Барлық педагог алдағы уақытта кезекті еңбек демалысына 42 күннен емес, 56 күндік демалысқа шығатын болады. Мұның барлығы материалды емес ынталандыру аясында жүзеге асады.

Бұдан бөлек педагогтердің этика мәселесіне баса назар аударылады. Мұны жүзеге асыру үшін әрбір білім ошағында әдеп кеңесі құрылады.

Қаржы жағына келер болсақ, бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов біраз жылдан бері колледж мұғалімдері, балабақша және қосымша білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне категория бойынша ақы төленбегенін айтып, бұл мәселенің де қарастырылатынын жеткізді. Айтуынша, аттестация бойынша қосымша қаржы төленетін болады.

Заң аясында ұстаздар жалақысыны көтеруден бастап, педагогтердің абыройына нұқсан келтіргені үшін айыппұл салу шаралары да қарастырылған. Басым төрт бағыттың ішінде педагогтарға қойылатын талаптар да күшейтілді. Енді заңның ішінде ұстаздық қызметпен айналысуға тыйым салатын шарттар да бар. Мысалы, мінез-құлқында ауытқу бар және психикалық ауытқуы бар адам, дәрігер бақылауына алынған қабілеті шектеулі азаматтарға ұстаздық қызмет атқаруға болмайды.

Енді мұғалімдерге тәлімгер болғаны үшін бір базалық лауазымды жалақы төленеді. Ол – 17 мың теңге. Сонымен қатар педагогикалық шеберлігі үшін лауазымды жалақыдан отыз бен елу пайыз аралығында қосымша қаржы төленетін болады. Халықаралық байқаулар мен жарыс жеңімпаздарына түрлі олимпиада мен спортқа қатысты жарыстардың лауреаттарын дайындаған ұстаздарға үш лауазымдық жалақыға дейін бір реттік сыйақы төленеді. 

Тағы бір жаңалық – енгізілген заңға сәйкес, магистр дәрежесі бар ұстаздарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақы енгізіледі. Мұғалімдер сынып жетекші болғаны үшін және оқушы дәптерін тексергені үшін қосымша ақы алады. Мектептің басшысы мен орынбасарларына білік санаты үшін жалақысын арттыру мәселесі де қарастырылған.

Айта кетейік, Қазақстан сенаты 2019 жылдың 30 сәуірінде жалпы отырыста заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Ал мәжіліс заң жобасын 2019 жылдың 18 желтоқсанында бірінші оқылымда мақұлдады.