12 мам, 2022 сағат 09:16

Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел тірі қалды


Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел тірі қалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 мамыр сағат 14.37-де «112» пультіне Ак. Бектұров көшесі, 109  мекенжайынан хабарлама түскен. 

- Тоғыз қабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен үйге жапсарлас салынған «Экстрамед» медициналық орталығының төбесіне 1993 жылы туған әйел құлаған. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды, - деді департаментте. 

Оқиға орнына бес құтқарушы мен бір техника шықты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, әйелдің жасы 30-да. 

Кеуде омыртқасының сынуы, бас миының шайқаулы диагнозымен № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Бұғанасы мен 5,6,7-ші сол жақ қабырғасы сынған. Мас болған. Қарқынды терапия палатасына жатқызылды. 

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.