03 қар, 2020 сағат 10:05

Павлодарда мониторинг тобы туған күн кешінің үстінен түсті

Павлодарда туған күн тойлау үшін жекеменшік тұрғын үйде жиналған бір топ жастар полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«31 қазан күні сағат 22:30-да Павлодар қаласы полициясының кезекші бөліміне Исиналиев көшесінде орналасқан жекеменшік үйлердің бірінде сауық кеші өтіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған мекенжайға келген тәртіп сақшылары бұл үйде жастардың туған күн тойлап жатқанын анықтады», - деп баяндады Павлодар облысы жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Саргұлов.

Полицейлер жас азаматтарды Павлодар қаласының орталық полиция бөліміне жеткізді.

Оларға және үй иесіне қатысты карантин режимін бұзу фактісі бойынша материал жиналып, ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.