20 жел, 2019 сағат 11:25

Павлодарда қарағайды заңсыз сатқандар анықталды

Браконьерлер заңсыз кескен әр жас шырша мен қарағайға 38 мың теңгеден төлейді, - деп хабарлайды деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясы» мамандарымен бірлесіп өткізген рейд кезінде полицейлер белгіленбеген жерде заңсыз қарағай саудалаған 11 фактіні анықтады. Құқықбұзушылар «Белгіленбеген жерде сауда жасау» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды» делінген хабарламада.

Бірнеше жылдан бері біздің аймақта, оның ішінде Шалдай қарағайлы орманын отап, оларды облыстағы жергілікті пункттерде сатуға тыйым салынған.

Естеріңізге сала кетейік, 17-31 желтоқсан аралығында Павлодар облысының полицейлері орман қорғаушы мекемелермен бірігіп «Шырша» жедел профилактикалық шарасын өткізуде.