07 там, 2023 сағат 16:38

Павлодарда ер адам үйге заңсыз кіріп, 15 жастағы қызға күш көрсеткен

видеодан алынған кадр

Павлодарлық полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні "ізін суытпай" ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қарақшылық шабуыл туралы полицияға қала тұрғыны хабарлаған.

"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Анықталғандай, белгісіз ер адам Бұқар Жырау көшесіндегі үйге заңсыз кіріп, 2008 жылы туған кәмелетке толмаған қызына зорлық-зомбылық көрсетіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 250 000 теңге қаражатын иемденген.

Арнайы іс-шаралар басталып, оның барысында полицейлердің кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны ұсталды.

ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам УҰИ-ге қамалды" - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда.