21 сәу, 2022 сағат 09:47

Павлодар облысындағы мектепте өрт шықты: 551 бала эвакуацияланды


Павлодар облысындағы мектепте алапат өрт шығып, 551 бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 21 сәуір сағат 08.40-та Павлодар қаласындағы Торайғыров көшесінде орналасқан мектептен өрт шыққаны туралы хабар түскен. № 28 орта білім мектебінің екінші қабатынан өрт шыққан. 

Өрт сөндірушілер келгенге дейін 576 адам эвакуацияланған, оның 551-і оқушы. Оқиға орнына ТЖД 50 қызметкері және 12 бірлік техника, АМО ФМУ - 4 қызметкер және 1 бірлік техника жұмылдырылды.