25 ақп, 2022 сағат 15:03

Павлодар облысында вакцина алмаған жұмысшылар күндізгі жұмысқа жіберілмейді


Павлодар облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің өңірдегі карантин шектеулеріне қатысты жаңа қаулысы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған құжатқа сәйкес, облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың коронавирусқа қарсы вакцина алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде короавируспен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберу шектеледі. Бұл ретте ұйымдардың вакцина алмаған қызметкерлері үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде короавируспен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) ПТР тестілеуді 7 күнде бір рет тапсыру міндетті болады.

Сонымен қатар өңірдегі барлық балабақшалар мен мектептер дәстүрлі форматта жұмыс істейді.