18 ақп, 2022 сағат 18:53

Павлодар облысында майнерлер ГРЭС желілеріне заңсыз қосылған


Павлодар облысындағы ГРЭС-1 желілеріне майнинг дата-орталықтары заңсыз қосылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі органдары Павлодар облысындағы Екібастұз ГРЭС-1 аумағында майнинг дата-орталықтарының үздіксіз жұмыс істеуі үшін электр энергиясын заңсыз тұтыну дерегін анықтаған.

"Электр энергиясы екі кәсіпорын атына лицензиясы жоқ жеке ЖШС-дан келіп түскен. Алдын ала қорытынды бойынша, шығарындыдан түскен кіріс сомасы 805 миллион теңге болды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты өзге мәлімет жария етілмейді", - делінген хабарламада.