03 ақп, 2022 сағат 10:16

Павлодар облысы тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді


Тәртіп сақшылары Павлодар облысы Ертіс ауданының 34 жастағ тұрғынынан «ТОЗ» маркалы аңшылық мылтығын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құқық тәртібі» жедел-алдын алу шарасының барысында 34 жастағы ауыл тұрғынынан тіркеуде тұрмаған «ТОЗ» маркалы аңшылық мылтығы тәркіленді», - деп баяндады Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.

Оның айтуынша, тәркіленген мылтық зауытта жасалған және полицияда тіркелмеген. Қазіргі кезде аудан тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлімімен («Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы») әкімшілік хаттама толтырылды.

«Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін отқа жіберілді», - деп қосып өтті Қ.Түсіпбеков.