16 қаң, 2020 сағат 09:20

Павлодар облысы әкімдігінің басшылығы қалыпты режімде жұмыс істеп жатыр – баспасөз қызметі

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі өңір әкімшілігі басшылығының қалыпты жұмыс істеп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің басшылығы қалыпты режімде жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімі орнында емес, бірақ ол жұмыс бабы бойынша қалада жүр», - деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Таңертең ол Инвесторлар үйінде жиналыс өткізуі керек еді, дейді өңір әкімшілігі.

«Бірақ жұмыс кестесіндегі өзгерістерге байланысты кездесуді оның орынбасары Арыстан Қабыкенов өткізді», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны және тергеліп жатқаны туралы ақпараттар тараған. Кеше облыс әкімінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсінік берген еді.